Маңызды

Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы қайтыс болды

Алматыда аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы, 101 жастағы Қайырлы Жоңқабаев қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұлан өкілі Данара Тәңірбергенқызы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жоңқабаев 10 қыркүйекте 102 жасында қайтыс болды.

Панфиловшы Жоңқабаев Қайырлы Уатайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз,

деп жазды Данара Тәңірбергенқызы.

Қайырлы Жоңқабаев Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы ШҚО Құлынды орта мектебінде мұғалім болып бастаған.

1941 жылғы қазанда Панфилов дивизиясының 23 гвардиялық полкінің қатардағы жауынгері Қызыл Армия қатарына шақырылған.

8-гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында пулеметші болған, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада соғысқан, Беларусь, Польша, Эстонияны азат етуге қатысқан. 1943 жылы ақпанда қанды Ржевск шайқасында жарақат алып, Дрезденде жеңіске жеткен.

Соғыстан кейін Самара аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1970 жылдан 1983 жылға дейін Алматыда тамақтану жүйесінде шаруашылық есеп директоры болды. 1983 жылы ол демалысқа шықты. Бес бала тәрбиелеп өсірген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago