Categories: Ғылым

Паразиттер патша сияқты өмір сүруде

Әңгіме атышулы «Паразиттер» фильмі немесе бөтен организмдерде өмір сүретін шын паразиттер туралы емес.

Current Biology журналы бірнеше мың «еңбекқор» құмырсқа түрлерінің арасында әлеуметтік паразиттер болып саналатын жүздеген түрі бар деп жазады. Өмір сүру үшін олар өзі тектес жәндіктердің колониясына еніп, паразиттік өмір салтын ұстанады.

Зерттеушілер бұл жаңалықты кездейсоқ ашты. Олар Ooceraea biroi клондық құмырсқалар колониясынан аналық құмырсқаға ұқсайтын мутантты тапты. Құмырсқалардың бұл түрі негізінен оңтүстік жарты шарда – Австралияда, Океанияда, сондай-ақ экватор бойында орналасқан елдерде мекен етеді. Оның әдетте аналық құмырсқасы болмайды және олар жыныссыз көбейеді, сондықтан мутанттың кенеттен пайда болуы бірден байқалды. Мұндай жәндіктер қанаттарымен, үлкен көздерімен және аналық бездерімен туылған, ал ересек кезінде олар еңбекті елемеген.

Есіктегі басы төрге шықты

Алдағы эксперименттерде ғалымдар мұндай мутанттар басқа құмырсқалардың колонияларында жиі мекендеп, көзге түспейтінін анықтады. Соған қарамастан генетикалық талдау бұл құмырсқалардың сол табылған колония ішінде мутацияға ұшырағанын көрсетті. Олар жыныссыз жолмен көбейеді: жұмыртқа салады, және олардан тура өздері секілді «жатыпішерлер» пайда болады.

Барлық өзгерістер супергендегі бір мутациямен байланысты. Ол гормондардың метаболизмін басқаратын 200-ден астам жеке гендерді біріктіреді. Гипотезаға сәйкес, мұндай мутациялар құмырсқалардың басқа түрлерінде де болуы және тез арада жәндіктердің екі түрінің дамуына әкелуі мүмкін.

Түгелдей патшайымға ұқсас мутанттардан тұратын отрядтар жұмысшы құмырсқалардың отрядтарына қарағанда екі есе аз болғаны анықталды. Сонымен қатар, олар тамақ іздеу үшін басқа құмырсқаларды тартуға көп тырыспаған және колониядан кетпеуге тырысқан.

Өзгенікіне өңеш созба….сонымен қатар, мутанттар белсенді түрде жұмыртқа салғанымен – колонияның негізгі түрінен шамамен екі есе көп – олардың саны қатаң бақыланады. Мутанттардың үлесі құмырсқа илеуінің төрттен бір бөлігінен аспаса, олар белсенді түрде көбейе береді. Осыдан кейін, барлық «патшайымдарға» қызмет көрсету үшін жұмысшы құмырсқалар жеткіліксіз болған кезде, олардың бір бөлігі есеймей жатып өледі. Себебі мутанттар қуыршақтардан шығатын кезде қанаттарын босату үшін жұмысшылардың көмегін қажет етеді.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago