Categories: Қоғам

Пасха мерекесіне арналған ұмытылып бара жатқан мәзірлер

16 сәуір – православиелік Пасха мерекесі де жақындап келеді. Мерекелік дастарханға дайындық басталып кетті. Қазіргі таңда көптеген отбасы осынау өздері үшін маңызды мерекеде дөңгелек тәтті нан (куличи) мен боялған жұмыртқа ғана дайындайды. Алайда ескі заманнан қалған дәстүрлі мәзірлер де жоқ емес.

Ендеше мереке қарсаңында өткен заманнан қалған дәстүрлі рецептерді ұсынамыз.

Пасха наны (грекше Λαμπρόψωμο, Лабропсомо)

Ұлы Сенбіде дайындалатын дәстүрлі нан, ол Христостың қайта тірілуінің бір белгісі болып саналады, діни наным-сенім бойынша ұн «тіріліп» нанға айналады. Нанды Жексенбі түні кеседі.

Керек заттар:
Ұн: 1 кг
Тұз: 20 г
Қант: 50 г
Су: 600 г
Май: 60 г
Әніс: 30 г
Құрғақ ашытқы: 25 г
Бетіне себелеуге арналған күнжіт
Безендіру үшін бір піскен жұмыртқа.

  • үлкен бір ыдысқа ұн, тұз, қант пен ашытқыны салады, барлығын араластырады, кейін май мен әністі қосып, тағы да араластырады. Қамырды көтерілу  үшін жылы орынға қояды
  • қамырды үш бөлікке бөледі. Бір бөлігін алып, дөңгелек пішін жасайды, екі бөліктен айқыш (крест) жасап, оны дөңгелектің үстіне қояды
  • бетіне күнжіт сеуіп, ортасына боялған жұмыртқаны салады
  • пасха нанын кәстрөлге салып, бір сағатқа қалдырады. Бір сағаттан соң, қамыр көтеріледі, кейін 230°C пеште 45 минут пісіреді.

Бұл рецепт 1910 жылы басылған «Пасха дастарханы» кітабынан және 1906 жылы басылып шыққан «Пасха дастарханы: дөңгелек тәтті нан, бабалар, пасхалар және мазуркалар» кітабынан алынды.

Қуырылған фаршталған күркетауық

Тазартылған күркетауықты суға салып, тұз қосады, төс бөлігін бөліп алып, төстің терісіне фарш толтырады, сосын жіппен тігіп тастайды.

Фарштың жасалу жолы: бауырды қайнатып, майдалап турайды, еленген үгіндіні сеуіп, кілегей құяды, 3 жұмыртқаның сарысын және бір тұтас жұмыртқаны салып араластырады, 1 қасық сары майды қосады, ағылшын бұрышынан аздап салады, аздаған даршын қосады, барлығын араластырып, фаршты күркетауыққа салады. Май жағып, противеньге салып, су құйып, 2-2,5 сағат қуырады, арасында өз шырынын бетіне сеуіп отырады.

Нандар

Керек заттар: 30 жұмыртқаның сарысы, 1 фунт (400 грамға жуық) қант, 1 стақан қара нанның ұны.

Алдымен қара нанды құрғатады, содан кейін ұсақтап, електен өткізеді. Сарысын алдымен қантсыз, содан кейін қантпен араластырады, нан ұнын біртіндеп құяды, үгітілген шоколадтың бір бөлігін қосады ½ лот (6 г) қалампыр, ½ даршын, 6 қарапайым бұрыштың дәнін қосады. 30 жұмыртқаның сарысынан жасалған көбікті жақсылап араластырып, бетіне азғантай ұн себеді, қағаз төселген пішінге немесе кәстрөлге салып, ыстық пешке қояды.

Автор: Мария Курбатова, АПН

Аударған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: pravmir.ru, mirpolzy.ru

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago