Атақ және ақша

Паскаль Майер: «Қазақтардың ДНҚ-сы бірегей, Димаш – соның дәлелі»

Өмір туралы ғылым саласындағы Серпін сыйлығының 2022 жылғы иегері Паскаль Майер қазақтардың ДНҚ-сын жоғары бағалады, деп хабарлайды Halyq Uni

«Мен ДНҚ-ны секвенирлеумен айналыстым. Қазақстандың ДНҚ-сы өте керемет сияқты, оны сіздерден де көріп отырмыз. Димаш Құдайберген, Күнсұлу Закария сияқты адамдар соның көрсеткіші деп ойлаймын. Біз Қазақстан туралы көп нәрсені естіген жоқпыз, бірақ QazVac туралы көп естідік. Доктор Закарияны білеміз. Меніңше, сіздердің COVID-19 пандемиясы кезінде жасаған вакциналарыыңыз үлкен жетістік деп ойлаймын. Көптеген клиникалық сынақ жүргіздіңіздер. Мен вакицнамен жұмыс істеген жоқпын, бірақ COVID-19 инфекциясын емдеумен айналыстым», — деді ол Nobel Fest 2023 сөйлеген сөзінде. 

Сондай-ақ ол өз сөзінде жасанды интеллектің болашағы туралы айтты. 

Мен жасанды интеллектің практикалық қолданушысымын. Біздің компания табиғатты пайдаланып, қазіргі уақытта әртүрлі терапия түрлерін жасаумен айналысады. Жасанды интеллект – адамдарды шабыттандыратын құрал деп айтуға болады. Бұл тек біздің ғана компанияға қатысты емес. Дәрігерлер жасанды интелекті диагностикада қолданады. Бұл өте керемет. Бүгінгі күні біз ЖИ жаңа дәуірініе аяқ басып жатырмыз, ол біртіндеп адамдардың орнын алмастырып жатыр. Жаңалық жасау, сурет салу, фильм түсіруде алмастырып жатыр. Қазіргі кезде шынайы жаңалық пен фейк жаңалықтың аражігін ажырату қиын болып кетті,

деді ғалым.

Сонымен қатар ол жасанды интеллек дәуірінде адамдар тап болатын басты сынақ туралы айтты. 

Оның болашағыныің әртүрле аспектілері бар. ЖИ болашағы, онымен өмір сүру, сондай-ақ ЖИ әлеміндегі ең үлкен сынақ – ақпаратқа сену болады. Яғни көзін көрген нәрсеге сену өте қиын болады. Болашақта әлемде сенім өте маңызды элементке айналмақ. Яғни өзінің көршін немесе жақын адамдарға сенуің керек қой. Cенім өте маңызды болады. Егер оны қаз қалпында жібере салсақ, өте күрделі болады,

деді Паскаль Майер.

Еске сала кетейік, Nobel Fest — Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті ғалымдармен және сарапшылармен пікір алмасуға және білім алмасуға арналған бірегей платформа.

Нобель фестивалінің басты миссиясы – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышына қолжетімді ету.

Білім, ғылым және инновацияларды дамыту бойынша Нобель фестивалінің миссиясын отандық және халықаралық ұйымдар, оның ішінде фестивальдің бас серіктесі, Қазақстанның ең ірі қоғамдық қорларының бірі «Altyn Qyran Foundation» қолдап отыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago