Фото: Kaibab National Forest
Павлодар облысының Башмачное және Железинки ауылдары әкімі ормандағы өртті ауыздықтамағаны үшін жазалануы мүмкін. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.
Ауыл әкімшіліктері далада шыққан өртті өшіру шараларын жүзеге асыруы керек еді.
Далада шыққан өрттің орманға өтіп кетуіне мүмкіндік берген әкімдіктерге шағым түсті. Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, орман қорғау мекемелері Железинка ауданындағы Башмачное және Железинка ауылдарының әкімдіктерінен 3 миллион теңге өндіру туралы сотқа шағым түсірген.
Орман қорының өртенуіне әкеп соқтырған өрт жауапкершілігі дала өрті болған шаруа қожалығына жүктеледі. Кінәлілерді анықтау мүмкін болмаса, дала өртін дер кезінде ауыздықтау шараларын қолданбағаны үшін әкімдіктердің үстінен сотқа арыз жолданады,
деді Руслан Төлепбаев.
Оның айтуынша, биылғы 116 орман өртінің 12-сіне далада шыққан өрттің мемлекеттік орман қоры аумағына өтіп кетуі себеп болған. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған екі адам жазаланды. Оларға 53,6 мың теңге айыппұл салынды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…