Павлодар облысында із-түссіз жоғалған он бір адам іздестірілуде

Белгісіз жоғалып кету фактілерінің басым бөлігі  немқұрайлы көзқарастан туындайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  іздестіріліп жатқан 11 адам әзірге табылмаған. Қазіргі уақытта із-түссіз жоғалған адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру және іздестіру шаралары кешені жүргізілуде.

2022 жылдың ағымдағы кезеңінде азаматтардың хабар-ошарсыз кету фактілері бойынша 62 іздестіру жүргізілді. Жоғалған адамдардың  51-і табылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы із-түссіз жоғалған төрт кәмелетке толмағанды іздеу жарияланып,  заңды өкілдеріне қайтарылды,

деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция бастығы Балтабай Қапаров.

21 қараша күні анасы биыл 18 қараша күні облыс орталығындағы білім беру мекемесінен шығып, үйіне оралмаған қызын табу туралы арызбен полицияға жүгінген. Қыз бала туыстарымен араласпайтын болып шықты. Полицейлердің жедел іздестіру іс-шаралары барысында құрбысымен бірге жоғалып кеткен 17 жастағы жасөспірімді 22 қарашада Павлодар қаласында анықтады.

Көптеген  тұрғындардың арасында жоғалған адамды іздестіру туралы өтінішпен полицияға адам жоғалып кеткеннен кейін үш күн өткен соң ғана жүгінуге болады деген қате пікір бар. Бұл – жалпы қате түсінік. Мұндай өтініш беру үшін уақыт шектеулері жоқ. Адамның жоғалып кетуі туралы ақпарат полицияға телефон арқылы берілуі мүмкін,

деп атап өтті Балғабай Қапаров.

Іздестіру іс-шараларының бірінші кезеңінде жоғалған адам туралы кез келген ақпарат маңызды: оның телефон нөмірлері, ұялы телефондарының IMEI нөмірі, таныстары мен достарының мекенжайлары, әдеттер мен хоббилері, жұмыс орындары, қарым-қатынас саласы, жоғалып кету жағдайлары туралы деректер.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago