Categories: Қоғам

Павлодар облысында мемқызметкерлер 15 пәтерді туыстарына таратқан

Екібастұздағы жұмыспен қамту орталығында оннан астам пәтер заңсыз берілгені анықталды, деп хабарлайды Globalnews.kz ақпараттық сайты Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаментінің басшысы Дархан Құрақбаевтың айтуынша, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласына жүргізілген сыртқы талдау барысында мемлекеттік бағдарламаларға қатысушыларға тұрғын үй бөлуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған.

Мұндай фактілер Екібастұзда анықталды. 15 пәтер жұмыспен қамту орталығының өз қызметкерлеріне, туыстарына немесе таныстарына берілген. Олар мемлекеттік бағдарламаға қатыспаған.

Басқарма басшысы пәтерлерді бөлу тәртібі ашық болмағандықтан заңбұзушылық болғанына сенімді. Тұрғын үй комиссиясының құрамына жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері кіреді және жұртшылық өкілдері болмаған, қабылданған шешімдер бейнекамераға түсірілмеген. Сарапшылар отырыстардың құрамы мен тәртібін өзгертуді, қала әкімдігіне – Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп заңсыз берілген пәтерлер бойынша келісімшарттарды бұзуды ұсынды.

Бұл қызметкерлер пәтерлерді жекешелендіруді жоспарлап отыр, осылайша мемлекетке 75 миллион теңгеден астам материалдық шығын келуі мүмкін.

Қала әкімдігі мен халықты жұмыспен қамту орталығы баспананы қайтару шараларын қолға алды.

Сонымен қатар Екібастұз қалалық жұмыспен қамту орталығы шағын және орта бизнесті дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады. Антикор сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ұрланған қаржының нақты сомасы әлі анықталған жоқ. Бірақ мемлекеттік грант берудің заңсыз фактісі жалғыз бұл емес екені белгілі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago