«Екібастұзды құтқару жұмысы тоқтап тұр» деп есептейді депутат Ирина Смирнова. Бірнеше күннен бері қазақстандықтар Павлодар облысындағы апатты қорқынышты фильм секілді бақылап келеді. Алайда ондағы жағдай қалпына келер емес.
Депутат Ирина Смирнова Facebook парақшасында бірнеше ашулы жазба жариялады. Депутаттың айтуынша, екібастұздықтар шенеуніктер жіберген қатені өздері жөндеп жатқанын айтып, видео бөлісіп жатыр. Ал аязды күнде халықтың тоңып жатқанын ести тұра тыныш өмір сүру қиын.
Міндеттерін орындамағанда үнсіз қалады. Олар мемлекетке, халыққа емес, алтын бұзауға қызмет етеді. Ал енді қарапайым халық 30 градус аязда өз бетімен күн көруге мәжбүр. Біреу қазандықты орнатады, біреу құбырларды жылытады, енді біреулер жылу қайта қосылады деп үміттенеді,
дейді депутат.
Смирнова Екібастұзға дереу төтенше жағдай қызметкерлерін және қажет жабдықтар жіберу керек екенін айтады.
Дәретхана мәселесі қалай шешіледі? Өйткені, көпқабатты үйлер, су, кәріз құбырлары қатып қалды. Тамақ ше? Мұндай жағдайда тағамды қалай дайындау керек? Ал су ше? Оқшауланған әскери және апаттық шатырлар қайда? Неге адамдарды санаторийлерге жібермейді? Неліктен? Адамдар не істеу керек?
деп ашуланды ол.
Сонымен қатар депутат Екібастұздағы апат айсбергтің бір ұшы ғана екенін, шын мәнінде ол аймақтың проблемаларға батып бара жатқанын баса айтты.
Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын мен Павлодарда және Павлодар облысында болдым. Инфрақұрылымға қатысты мәселелер бастан асады. Қаладағы кәріз жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Аудандардың бірінде онда орналасқан үйлердің барлығы кәріз құбырынан шыққан суға батып кеткен. Иісі төзгісіз. Жертөле толып жатыр. Ылғал. Үйлер қирап жатыр. Сол ауданда орналасқан колледж апат жағдайында. Халық үмітсіз.
деп жазды ол.
Оның сөзінше, аталмыш проблемаларды облыс әкімі шешуге және ешкім сол проблеманың шын себебін анықтауға тырыспады, мемлекеттен көп қаражат бөлінбеді
Осыдан бірнеше жыл бұрын кәріз құбырлары тартылған. Олар кеңестік құбырларды жаңасына ауыстырды. Облыс әкімдігі себебін анықтауға асықпады. Содан кейін әкімнің орынбасары Крук болды, ол қазір облыс әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ол барлық қиындықтарды көтере ме? Ол аймаққа алаңдай ма? Ол барлық мәселені ашқысы келе ме? Мен күмәнданамын!!! Ол ондай адам емес,
деді Ирина Смирнова.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…