Павлодар облысында жоғалған балықшылардың денелері табылды

5 қазанда Екібастұз қаласы Шідерті кенті маңындағы Құтаяқсор көліне балық аулауға кеткен екі ер адам жұмбақ жағдайда жоғалған болатын, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігі.

Еріктілерден құралған «Vita» іздеу жасағы ер адамдардың денелері табылғанын мәлім етті.

Жақында ғана екі ер адамның денесі табылды. Командамыздың атынан туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз,

деді еріктілер.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамдардың денесі сол көлден табылған.

10 қазан күні сағат 14.00 шамасында іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қутаяксор көлінде 8 қазанда хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеуде. Мәйіттер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдаймыз,

деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 8 қазан күні Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 69 жастағы жолдасын іздеуде көмек көрсетуді сұрады. Әйел адам 5 қазан күні сағат 12:30 шамасында күйеуі УАЗ көлігімен танысымен бірге балық аулауға кеткенін айтқан.

9 қазанда Құтаяқсор көлінде іздеу іс-шаралары мен оқиға орнын тексеру барысында УАЗ көлігі табылды. Тексеру барысында құжаттары, ақшалай қаражаттары, ұялы телефондар, автокөліктің кілті машинаның салонынан табылды. Көлікте резеңке қайық болмады, бірақ құтқару кеудешелері сол жерде жатқан.

Іздестіру жұмыстарына полиция, ТЖ қызметкерлері, сүңгуірлер, кинологтар мен еріктілер жұмылдырылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago