Categories: Қоғам

Павлодар облысында жылу мен ыстық су бағасы күрт өсті

Павлодар облысында орталық жылыту мен ыстық судың бағасы өткен аймен салыстырғанда орташа есеппен 24,8%-ға өсті.

Бұл туралы облыстық статистика департаменті мәлім етті.

Сондай-ақ, соңғы айда аймақта тұрғындардың суық суға жұмсаған шығындары 6,5%-ға, ал су бұруға жұмсаған шығындары 11,1%-ға өскен.

Ақпан айында Павлодар облысында тұтыну бағаларының индексі 101,5% құрады.

Естеріңізге салсақ, өткен айда Павлодарда жылу тарифі айтарлықтай көтерілген болатын. Көптеген тұрмыстық тұтынушылар үшін ол бірден 30%-ға өсті.  «Павлодарэнерго» компаниясындағылар мұны инвестициялық міндеттемелерді орындаумен және жыл сайынғы инфляция деңгейімен байланыстырды. Есептеу аспабы бар тұрмыстық тұтынушылар үшін ол 1 Гкал үшін 2 050,57 теңгеден 2 672,89 теңгеге дейін ұлғайтылды. Есептеу құралдарымен жабдықталмаған үйлер үшін Тариф 1 Гкал үшін 3 145,70 теңгеден 3 473,92 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Айта кетейік, өткен жылдың 27 қарашасында Екібастұздағы жылу желілерінде апат болып, бірден 149 тұрғын үй жылусыз қалған еді. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар қатарынан бірнеше күн бойы жылусыз отырды. Үйлердегі жылу батареялары жарылып, канализация желілері бүлінді. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Екібастұздықтар  екі күннің бірінде жылусыз отыруға мәжбүр.

8 ақпанда «Павлодарэнерго» АҚ бұрынғы бас директоры Вадим Лесин Екібастұз қаласын жылумен  қамту проблемасын жылыту маусымы аяқталғанға дейін шеше алмайтынын мәлімдеді.

Жуырда өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алып, оның қызметінен босатылуын талап етті.

15 ақпанда компанияға жаңа басшы тағайындалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago