Оқиға

Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін өлімші етіп сабаған

Астана телеарнасының хабарлауынша, Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін өлімші етіп сабаған.

Салдарынан іштегі бала шетінеді. Сұмдық оқиғадан әйел есін жоғалтып алған. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Аталған іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған.

Қайнысының жеңгесін сабауына не себеп?

Гүлмерей Қарсыбаева – 28 жаста. Ол қазір ауруханада жатыр. Қатты соққыдан басы жарылып, миы шайқалған. Есін жоғалтып алыпты. Өзін кімнің ұрып соққанын да есіне түсіре алмады. Ал аяғының ауыр болғанын ғана біледі.

Иә, мен жүкті екенімді білдім. Ол менің есімде. Менің ішімде қыз болды. Мен көтергеннен бастап қыз болды. Сосын атында қойғымыз келді,

дейді зардап шеккен Гүлмерей ҚАРСЫБАЕВА.

Дәрігерлер науқастың ауруханаға ауыр жағдайда келгенін айтады. Бір уақытта екі бірдей ота жасаған. Жарылған басын тігіп, шайқалған миын салыпты. Ал іштегі 9 айлық баланы кесір тілігі арқылы алған. Бірақ, нәресте соққыдан көз жұмса керек. Өлі туылыпты.

Науқастың басындағы жарықтың көлемі 8-9 сантиметрдей болды. Біз оның зақымданған бөлігін алып, орнын тіктік. Бас ми жарақаты кезінде есін жоғалту қалыпты құбылыс. Уақыт өте келе біртіндеп қалыпқа келеді.

Дәурен САФИУЛЛА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ

Ал жеңгесін соққыға жыққан жас жігітке қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған. Оның қылмыс жасаған кезде есірткі қолданғаны анықталды.

Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу бастады. Аса ауыр қылмыс жасаудағы күдікті қамауға алынды. Күдікті есірткіге мас күйінде үлкен ағасының жұбайына дене жарақатын салғаны анықталды. Жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді.

Әлібек САЛАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ОҢТҮСТІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ал қайнысының не себепті жеңгесін сабағаны беймәлім. Жеңгесі де оқиғаның қалай болғанын есіне түсіре алмады. Сол сәтте күйеуі де үйде болмапты. Енді істің мән-жайын сот анықтайтын болады.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

7 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

7 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

7 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago