Қоғам

Павлодарда қазақтар балаларын орыс мектебіне беріп жатыр

Биыл күзде Павлодар облысында 5244 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Алайда, олардың 38%-ы ғана қазақ сыныбына барады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Облыстық білім беру басқармасының дерегінше, 3250 баланың ата-анасы бүлдіршіндерін орыс сыныбына берген болса, 1994 бала қазақ сыныбына қабылданған. Бір қызығы, балаларын орысша оқытатындардың көбі қазақтар.

Олар, балабақшадағы қазақ топтарының аз екенін және орын тапшы болмағандықтан балақайларын орыс топтарына бергенін айтады. Әлбетте, балабақшада орысша тәрбиеленген соң мектепке де орыс сыныбына береді.

Ойланатын, тіпті дабыл қағатын жағдай. Бұған дейін де қазақ балабақшасында орын болмай, ата-аналар балаларын орыс тобына беруге мәжбүр екенін көтергенбіз. Павлодар қаласының білім беру бөлімінен қосымша қазақ топтар ашуды сұрадық. Мәселе әлі күнге оң шешімін таппады,

дейді Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Асылбек Туғанбай.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында үш жасқа дейінгі бес мың балақай балабақша кезегінде тұр. Олардың мыңға жуығы әлі жасқа толмаған. Ал, Павлодар қаласында мектепке дейін білім беретін мекемелердің саны 85 болса оның 26-ы ғана мемлекеттік тілде тәрбие береді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

12 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago