Павлодарда бастығы жұмысқа 10 минут кешіккен әйелдің мұрнын бұзған

Юлия Пузина — фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. Спорт кешенінде еңбек еткеніне 13 жылдан асқан. Осы уақытқа дейін бірде-бір рет ескерту алмаған қызметкер бар болғаны 10 минутқа кешігіп қалған. Сол үшін басшысы жаттықтырушыны кабинетіне қуып барып, соққының астына алған.

Ол артқа бұрылып кабинеттің есігін тарс жауып, қызды жұдырықпен бетінен ұрған. Қатты соққыдан есін жоғалта жаздаған қыз теңселіп барып, әрең өз-өзіне келіпті. Сосын басшысы түрлі балағат сөздер айтып, бұл жерден тірі кетпейсің деп қорқытыпты. Мұрнына тиген жұдырықтан қан аққан.

Соққының салдарынан әйелдің миы шайқалып, бетінің жақ сүйегі көгерген. Аяғында да жарақат іздері бар. Қазір аталған іске байланысты мекемеде қызметтік тексеру басталды.

Мекемеде аталған іске байланысты арнайы комиссия құрылды. Олар жаттықтырушыны соққыға жығу дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізеді.

Ал жұмысшының құқығын қорғайтын еңбек басқармасы зардап шегушіге тек заңдық тұрғыдан ғана көмек көрсете алатындарын айтады.

Бұл кәсіпорын шағын бизнес нысанына жатады. Сондықтан, оған біз тексеру жүргізе алмаймыз. Президент жарлығымен тексеру жүргізуге мараторий жарияланған. Сол себепті зардап шегушіге тек құқықтық көмек бере аламыз,

дейді Павлодар облыстық еңбек басқармасының бас маманы Ербол Сайфуров.

Қатал басшының қатаң әрекеті сотта қаралып жатыр. Ал зардап шегуші уақытша жұмысқа жарамсыз. Сондықтан да ол бастығы жауапгершіліктен құтылып кете ме  деп алаңдайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago