Павлодарда бір тәулікте 6 мас жүргізушіні ұсталды

Павлодар полицейлерә бәр тәулікте алты мас жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

11 желтоқсанда сағат 00.23-те Ткачев көшесінде 36 жастағы жүргізушінің басқаруымен Mercedes автокөлігі тоқтатылды. Оның жүруі полицейлерге күдік туғызды. Бұл куәландыру нәтижелерімен расталды. Сараптама қорытындысы бойынша Жамбыл облысының тұрғыны автокөлікті мас күйінде басқарған. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды,

деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Басқа жағдайда, бірнеше сағаттан кейін облыс орталығында сағат 03.30-да Б. Жырау-Едеге Би көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері Nissan автокөлігін байқап, тоқтатты. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, жүргізуші мас болған. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Осы факті бойынша Алматы қаласының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Барлық материалды сот онлайн режимінде қарады. Әрбір жүргізуші 15 тәулікке дейін қамауға алынып, жүргізушілер 7 жылға куәлігінен айырылды.

Айта кетейік, биыл Павлодар өңірінде 1367 жүргізуші көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago