Оқиға

Павлодарда дәрігер баланы сәтсіз сүндеттеген

Павлодарда 5 жасар бала сүндеттелгеннен кейін ауруханаға түсіп қалды. Қазір ол Астанадағы Ана мен бала орталығына жеткізілді, хирург операциялардан шеттетілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Баланың анасының айтуынша, олар баланы 23 тамызда облыстық ауруханаға әкелген. Қалыпты саналатын процедура жоспар бойынша өтпеген: дәрігер баланың жыныс мүшесінің үштен бір бөлігін кесіп алып тастаған, зәр шығару каналы зақымдалған.

Ата-ана жағдай туралы әлеуметтік желіде жариялады. Айтуларынша, бөлім меңгерушісі дәрігердің қателігін мойындаған.

Ал Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайына қатысты әзірге түсінік бере алмайтынын мәлім етті. Аталған факті бойынша комиссия құрылып, қызметтік тексеру басталған. Ал 5 жасар баланы тәжірибелі дәрігер сүндеттегені белгілі болды.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Павлодар облыстық департаментіне осы жағдай бойынша жоспардан тыс тексеру бастау үшін хат жолданды. Осы отаны жасаған маманның 13 жылдық қызмет өтілі бар, сондай-ақ «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша бірінші біліктілік деңгейі бар. Қазіргі уақытта дәрігер операция жасаудан шеттетілді,

деді денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазіргі уақытта бала Астанадағы Ана мен бала орталығының урология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago