Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда Ертіс арқылы өтетін тағы бір көпір салынады. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент тапсырмасын орындау аясында биыл қыркүйек айында Павлодар облысында Ертіс өзенінен өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталады. Бұл нысанды салудағы басым бағыт – қоғамдық көлік саласын дамыту. Бұл жерде біз трамвай маршруттарын кеңейтіп, алдағы екі жылда 70 вагонды жаңартпақпыз. Өңірдің үш жылында қоғамдық көлік паркі жаңартылып, 125 жаңа автобус сатып алынды.
Сондай-ақ, ол өңірдегі үш қаланың жылу жүйесін жаңартуға қанша қаражат кететінін айтты.
Былтырғы күрделі жылыту маусымынан кейін өңірдің инженерлік инфрақұрлымын жаңарту басым бағытқа айналды. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы — 3438 шақырым. Олардың орташа тозу деңгейі 82 пайызға жеткен. Қазір үш қалада 22 млрд теңгеге 52 шақырым жылу желісі салынып, жөнделіп, қайта жарақталып жатыр,
деді Асайын Байханов.
Сондай-ақ, ол Екібастұз қаласы алдағы жылыту маусымына қалай дайындалып жатқанын айтты.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…