Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында жұмыста мас болған ауыл әкімі жұмыстан қуылды. Бұл туралы turkystan.kz Екібастұз қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.
Осы оқиғаға қатысты шешім сәуірдің 3 күні қабылданған.
Өткен аптада болған әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаев атқарған қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды,
дейді баспасөз қызметінде.
Ол шенеунік лауазымында қаңтардан бері жұмыс істеп келген.
Екібастұз қаласына қарасты Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас күйінде болғаны туралы ақпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының сенім телефонына ауыл тұрғынынан түскен.
Әдеп жөніндегі уәкіл фактіні тексеруге барған. Медициналық сараптама қорытындысы оның ішіп алғанын көрсеткен және шенеунік өз әрекетін мойындаған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шенеунікті қызметінен босатуды ұсынған болатын.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…