Categories: Дін

Павлодарлықтар аптап ыстықтан тасаттық беріп, құрбандық шалды

Қуаңшылық пен құрғақшылықтан қауіптенген Кереку жұрты жаппай тасаттық беріп жатыр. Бұған дейін өңірдің бірқатар аудандарында Алладан жәрдем сұралса, бүгін облыс орталығындағы «Құлагер» ипподромында құрбандық шалынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі Жолдас қажы Қоспақұлы бас болып тасаттық намазы оқылды. Тасаттық намазына күннің ыстығына қарамастан облыстың әр түкпірінен бірқауым жамағат жиналды. Құран бағышталып, Алладан жаңбыр тіледі. Бұдан кейін Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітте ас берілді.

Жаз басталғалы бері Павлодар өңірінде күн күйіп тұр. Ауа температурасы соңғы тәуліктерде +40-қа дейін жетті. Аспаннан тамшы тамбаған соң даланың шөбі күйіп кетті. Биыл Ертіс өзені де шабындықтарға толық жайылмады. Сол себепті, өзенді жағалай қонған шаруалар күзде шөптен тарығамыз ба деп қауіптенеді. Тіпті, құрғақшылықтан қорқып мал басын азайтып жатқандар да жоқ емес. Мәселен, өңірдегі ең ірі ешкі шаруашылығы саналатын Май ауданындағы «Ақжар-Өндіріс» ШҚ, Сексек ата төлінің көбін сатып жіберген.

Мал санын азайтып жатырмыз. Өйткені, жайылым жоқ, шөп жоқ. Тоғайға су шыққан жоқ. Шаруалар осындай қиындық көріп жатыр. Тіпті, 600 ешкіні арзан бағаға сатып жатырмыз. Айтудың өзі ұят,

дейді шаруа қожалық басшысы Гүлзира Қазылова.

Диханшылар да қатты алаңдаушылық білдіруде. Көкөніс өсірушілер тамшылатып суару жүйесімен жан бағар, ал егін жанып кететін түрі бар дейді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago