Бір-екі күнде ашық НҚА порталына аттестацияның жаңа ережесі ілінеді.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа ережесі қашан жарияланатынын айтты.
Оның айтуынша, жаңа аттестацияда педагогтың мамандығына қатысты ерекшеліктер ескерілген.
Жалпы, аттестацияның ең басты мақсаты – мұғалімдердің жетістігін оқушылардың жетістігімен байланыстыру. Бұл –аттестацияның ең басты ерекшеліктерінің бірі. Жаңа аттестацияда бұрынғыға қарағанда оны тапсыратын барлық педагогтың мамандығына қатысты ерекшеліктер ескерілген,
деді министр.
Оның нақтылауынша, педагогтерді аттестациядан өткізетін ұлттық платформаны әзірлеуге арнайы қаржы қарастырылмаған. Дегенмен ол қазір әзірленіп жатыр.
Өзіміздің ішкі мүмкіндіктеріміздің есебінен платформа жасалып, аяқталып қалды. Бір-екі күнде ашық НҚА порталына аттестацияның жаңа ережесі ілінеді. Содан кейін жылдағыдай көктемде аттестация басталады,
деді Ғани Бейсембаев.
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…