Categories: Қоғам

Петропавл атауын Қызылжар деп атайтын уақыт келді

Кеше Петропавлда бір топ сепаратистердің Қазақстанның тәуелсіздігін мойындамай «өз тәуелсіздіктерін» жариялағаны  мәлім болды. 19 наурызда елде депутаттар сайлауы өтіп, халықтың келешегі шешіліп жатқан кезде, республиканың солтүстігінде арандатушы топ өкілдері өз «республикасын» жариялапты.

19 адам жиналып өз хатшысын, өз төрағасын сайлап, декларациясы мен жарғысын қабылдап, тіпті символикасы мен мөрін түгендеп тастаған. Өздерін «Халық кеңесі» деп атайтын топ Қазақстанның білім беру жүйесіне, азық-түлік, медицина және вакцинация жүйесіне қарсы шығып, «Бізге КСРО-ның кезін қайтарыңдар деп отыр екен».

Сөздеріне қарасақ:

Кеңестік білім берудің табысты жүйесін шетелдік стандарттарға сүйенген деструктивті оқулықтар алмастырды, ал жоғары, техникалық және кәсіптік білім қаржылық пайда табудың құралына айналды. Азық-түлік кеңестік мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейді, дүңгіршектер халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тауарларға толы. Бір кездері тегін медицина балалар мен ересектерді емдеуге қаржы жинайтын бизнес саласына айналды.

Қазір халықтық резонанс туғызған оқиғаға қатысты полиция тергеуді бастаған. Бірақ осындай іштен шыққан жаудың салдарымен күресіп қана қоймай, себебімен күрескен дұрыс.

Бұған дейін қазақ қоғамы Петропавл атауын қазақшалау мәселесін талай мәрте көтерген. Ел азаматтары арнайы петиция да жариялады. Петропавлға Қызылжар атауын беруді көпшілік қолдады.

Бүгінде елдің ауызбірлігін бұзуға, азаматтығымызға сына қағуға бәзбіреулер күш салып жүр. Орыстың Жириновский, Никонов, Федоров, Лимонов секілді шолақбелсенді саясаткерлерінің «Қазақ халқы болмаған», «Қазақстанның солтүстік аумағы Ресейдің жері» деген арандатушылығы белең алуда.

Осы саясаткерлердің арандатушылығы Қазақ еліндегі қоғамды, орыс тілді аудиторияны негізге алып, елді екіге бөлуге тырысуда.

Оның үстіне мемлекеттік маңызы бар Петропавл, Павлодар сынды қалалардың атауы шет тілінде болғаны олардың жұмысын жеңілдетіп отыр.

Осындай арандатуышылыққа қашанғы бейжай қарап отыруға болады?

Сол себепті, жуық арада Петропавл қаласының атауын қазақиландыруды, байырғы атауы «ҚЫЗЫЛЖАР» атауын беруді және ана тіліміз – қазақ тілінің үстемдігін арттыруды талап етеміз, деп жазады Мезгіл тынысы.

Солтүстік Қазақстандағы ағайын ана тілі, мемлекеттік тіл, қазақ тілінде сөйлемегенше қауіп-қатерден арыла алмаймыз, деп жазды «Намыс» жастар қозғалысының өкілдері.

Ендеше сол, Петропавл атауын Қызылжар деп атайтын уақыт келген сияқты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago