Categories: Қоғам

Петропавл мектебіндегі қылмыс: Төрт министрге тапсырма берілді

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Петропавлда балтамен мектепке кіріп, қылмыс жасаған баланың ісіне қатысты пікір білдірді.

Бұл – өте қауіпті жағдай. Халықтың арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз. Сондықтан, бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет.

Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек. Ішкі істер министрлігі келісілген ұсыныстарды енгізсін. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алсын,

деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі, ІІМ, ТЖМ-мен бірлесіп қауіпсіздік сабақтарын әзірлеу тапсырылды. Премьердің сөзінше, балалар әр түрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін нақты білуі тиіс.

Еске салайық, кеше Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады.

ІІМ мәліметінше, оқушы сағат 07:50-де 2-ші қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп, әуелі 10-шы сынып оқушысының басынан 2 рет ұрып, одан кейін 10-шы сыныпта оқитын қыздың иығанан 1 рет және басынан 2 рет ұрған және 9-шы сынып оқушысының басынан 1 рет ұрған. Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары  мен мұғалімдер ұстаған.

2 жәбірленуші қалалық емхананың стационарында жатыр, жағдайлары бірқалыпты. Бір оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды. 

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңды өкілі анасы болып анықталды. Күдіктінің психикалық денсаулығында проблема болған. Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырға рұқсат берген. Тергеу барысы бақылауға алынды, оның нәтижелері бойынша қылмыс мен заңды бұзудың себептері мен жағдайларының алдын алу туралы ұсыным енгізіледі,

делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, осы оқиғадан кейін Қазақстанның барлық мектептерінде қауіпсіздік жүйесі тексерілетін болды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago