Петропавлда белсенділер тобы Қазақстаннан тәуелсізбіз деп мәлімдеп, Халық кеңесін құрды, деп хабарлайды Arbat.media.
Әлеуметтік желілерде 19 адамнан тұратын топ жиналыс өткізіп, кеңесе келе Қазақстаннан тәуелсіздік алуды шешкендерін мәлімдеген видео таралды.
Біз азат және еркін халықпыз, ерлер мен әйелдер, СҚО Петропавл қаласының еңбекші тұрғындары Қазақстан Республикасы корпорациясының құқықтық негізінің жалғандығына байланысты, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлар туғызуына байланысты, сондай-ақ оның агенттерінің әрекетке қабілетсіздігі мен абыройсыздығына байланысты біздің игілігіміз бен ресурстарымызды басқару жүйесінің барлық құрылтайшылары мен қызметшілеріне толық сенімсіздік білдіреміз. Біз, халық, өз тәуелсіздігімізді, дербестігіміз бен егемендігімізді жариялаймыз. Жалпыға бірдей бөлінбейтін ұлттық қазынаны сақтаудың сөзсіз екенін, туған жердегі азаматтық мүліктік құқықтардың өзгермейтіндігін еске саламыз және СҚО Петропавл қаласында жұмысшылардың халық кеңесін жандандырамыз,
дейді қатысушылар әлеуметтік желілерде таратылған видеода.
2023 жылғы 19 наурыздағы кездесуде 19 белсенді төраға мен хатшыны сайлағандары, «декларация», «жарғы жобасын», «халықтық кеңестің символикасын» қабылдағандары, мөр мен қатысушының куәлігі нысанының жобасын құрғандарын атап өтілген.
Жиналғандар қазақстандық білім беру, азық-түлік және медицина жүйесіне қарсы шықты.
Кеңестік білім берудің табысты жүйесін деструктивті оқулықтары бар шетелдік стандарттар бойынша суррогат алмастырды, ал жоғары, техникалық және кәсіптік білім қаржылық пайда табудың құралына айналды. Азық-түлік кеңестік ГОСТ-қа сәйкес келмейді, дүңгіршектер халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тауарларға толы. Бір кездердегі тегін медицина қоғамның балалар мен ересектерді «емдеуге» қаржы жинайтын бизнес саласына айналды»,
деп қосты 19 белсенді.
Алайда бүгін белгілі болғандай, петропавлдық белсенділердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде тіркелген, тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде»,
деп хабарлады СҚО ПД.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…