Петропавлдағы Рабочий шағын ауданында бір отбасының үш бірдей адамын өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бейресми мәліметке сәйкес, 28 желтоқсанда үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылған: ер адам, әйелі және олардың кәмелетке толмаған ұлы.
Жанұяның жерлеу қызметіне байланысты кәсіптері болғаны айтылады.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жан түршігерлік қылмысқа күдіктілердің жылдам ұсталғанын хабарлады.
Полицейлер жедел түрде Петропавл қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған факті «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді,
деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінде.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…