Оқиға

Петропавлда ұлттық ұлан курсанттары жаппай қызылша жұқтырған

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары арасында қызылша жұқтырғандардың саны артты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық ұлан академиясындағы жағдай туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекциялармен күрес басқармасының бас сарапшысы Наргиз Мұратова айтты.

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында қызылша жұқтыру күдігі бойынша 50 жағдай тіркелді. Оның ішінде 43 жағдай зертханалық расталды, екі жағдай ЖРВИ диагнозы қойылды, 5 жағдайда тексеру жүргізілуде. Жағдай аумақтық денсаулық сақтау басқармалары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында,

деді Мұратова.

Оның айтуынша, қызылшаның өршуі туындаған мұндай жағдайларда инфекция ошағындағы 30 жасқа дейінгі байланыстағы тұлғаларға тегін вакциналау жүргізіледі, науқастар оқшауланады.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының сарбаздары жаппай қызылша жұқтырғанын хабарлаған болатын. Ол кезде ауру жұқтырғандар саны 17 адам болған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago