Categories: Оқиға

Петропавлда прокурорлар мектепке балтамен шабуыл жасаған оқушыға қатысты жаңа деректермен бөлісті

Петропавлда прокурорлар мектептегі 9-сынып оқушысының шабуылына қатысты жаңа деректерді жариялады. Бұл туралы Astana арнасы хабарлайды.

Оқиға ақпанда болған еді. Ведомство өкілдері шабуыл жасаған оқушының психиатриялық есепте тұрғанын растады. Сонымен қатар бұған дейін оның өзіне қол салмақ болғаны анықталған. Бұл үшін ол 3 ай сабаққа қатыспапты. Бірақ педагогтар мұны елеусіз қалдырған дейді. 

Бұл бала 2021 жылы деструктивті әрекет белгілерін байқатып, суицид жасамақ болған. Бірақ мектеп тарапынан денсаулық сақтау органдарына ескертілмепті. Білім беру мекемесінің әкімшілігі суицид жасауына не себеп болғанын анықтамаған. Осылайша бізде денсаулық сақтау мен білім беру ұйымдарында өзара қарым-қатынас жоқ, ал бұған жол беруге болмайды,

деді СҚО прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.

Облыстық прокуратурадағы жиын кезінде шабуыл жасағанға дейін баланың өз қатарластары тарапынан қудалауға ұшырағанын айтқан. 

Еске салайық, Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттаған еді. Оқиға қаладағы №4 мектепте таңғы 07:50 шамасында болған.  

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago