Categories: Оқиға

Петропавлда үш оқушыны жарақаттаған жасөспірім екі айға қамауға алынды

2023 жылдың 15 ақпанында Петропавлдың мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлады Петропавл сотының баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа жайттары Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Айта кетейік, 13 ақпанда Петропавл қаласында 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып барған. Облыс орталығындағы №4 мектепте оқитын жасөспірім үш оқушыны жарақаттаған.

Осы жағдайға байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайылов министрліктерге арнайы тапсырма берді.

Бұл – өте қауіпті жағдай. Халық арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіп барын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет. Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектептегі кіреберісте бақылауды күшейту мәселесін қарау керек,

деді премьер-министр.

Сондай-ақ осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстауа изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago