Categories: Қоғам

Петропавлдағы оқиға: Балаларға алғашқы көмек көрсеткен фельдшер жазалануы мүмкін

Петропавлда мектепке балта және пышақ әкелген жасөспірімнің шабуылынан зардап шеккен балаларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен жедел жәрдемнің фельдшері жазалануы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпан күні сағат 7:55-те «103» пультіне Н.Назарбаев көшесіндегі №4 мектептен шақырту түскен. Телефон шалған адам балалардың басынан жарақат алғанын хабарлаған. Жедел жәрдем бригадасы 4 минутта жетіп, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті. Көмек сапалы көрсетілген.

Бірақ жедел медициналық көмек бригадасының аға фельдшері оқиға орнына жетісімен ережеге сай шара қолданбаған.

Яғни, ережеге сай зардап шеккендер саны 3 не одан да көп болса, бірінші болып жеткен жедел-медициналық көмек бригадасы алдымен сұрыптаудан өткізіп, одан кейін ауысымның кезекші дәрігеріне жарақат алғандардың саны туралы ақпарат беруі керек.

Аға фельдшер мұның бірін істемеген, қосымша жедел жәрдем қызметін шақырмаған. Зардап шеккен балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Осы аралықта диспетчерлік қызметпен байланыс болмаған. Жарақат алған балалардың саны жөнінде шақырту аяқталғаннан кейін ғана белгілі болды. Зардап шеккендер өте ауыр жарақат алған жағдайда фельдшердің белгілі стандарттарды қолданбауы олардың халін қиындата түсер еді,

делінген баспасөз хабарламасында.

Әзірге зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен фельдшерге тәртіптік шара қолданылған жоқ. Бұл оқиға емдеу-бақылау комиссиясының отырысында талқыға түсіп, қорытынды жасалып, шешім қабылданбақ.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады. Олардың екеуі ауруханада жатыр.

Белгілі болғандай, жасөспірімнің психикалық дерті барына қарамастан Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген.

Осы оқиғадан кейін Үкімет басшысы Әлизан Смайылов жауапты министрліктерге оқу орындарында тексеріс жүргізуді тапсырды.

Ал оқушыларды жарақаттаған жасөспірім 2 айға қамауға алынды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago