Categories: Оқиға

Полицейлер Өзбекстанның 38 жастағы азаматын алты қой мен 200 мың теңгеге сатып жіберген

38 жастағы Өзбекстан азаматынан учаскелік полиция қызметкері ақша сұраған. Кейін ұрып-соғып, құлдыққа сатып жіберген. Бұл туралы Өзбекстан азаматының өзі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, оны 6 қошқар мен 200 мың теңгеге айырбастаған.

10 жылдан бері Қазақстанды тұрамын. Төлқұжаттарымды жоғалтып алғанмын. Бірақ осы Жетісу облысындағы Үштөбе қалалық полциия қызметкерлері менен 100 мың теңге талап етті. Жоқ болған соң, Қайрат есімді біреуге сатып жіберді. Сол үйде отын жағып, бүкіл жұмысын істедім, бірақ кеше қашып құтылдым. Маған көмектесулеріңізді сұраймын,

дейді Өзбекстан азаматы.

Аталған факт бойынша қызметін асыра пайдаланғаны үшін қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

38 жастағы шетел азаматы болып шыққан бейне өтініштің авторы іздестіріліп, сұхбат жүргізілді. Аталған іс бойынша тергеуді облыстық полиция департаментінің басшылығы ерекше бақылауға алды,

деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago