Categories: Қоғам

Полицейлер өзін қалай ұстауы керек: патрульдік-бекеттік қызметке жаңа нұсқаулық бекітілді

Қазақстанда полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызмет атқару жөніндегі нұсқаулығы бекітілді, деп хабарлайды «Юрист ПАРАГРАФ» Телеграм-арнасы.

Құжат патрульдік-бекеттік нарядтардың азаматтармен жұмыс істеу тәртібін реттейді.

Енді жаңартылған құжатқа сәйкес азаматтарға жүгінген кезде патрульдік-бекеттік наряд (ПБН) :

  • өзін таныстырып, қызметтік куәлігін қолында ұстап тұрып көрсетуі (ҚР заңнамасында өзге құжаттаманы ұсыну көзделмеген) қажет;
  • өз лауазымын, атағын және тегін атауға (бұл ретте қолын бас киімге қойып, сәлем беруге, қол алысуға жол берілмейді);
  • тоқтату мақсатын немесе көлік құралын тоқтату себебін қысқаша хабарлайды;
  • азаматтар жүгінген жағдайда патрульдік-бекеттік наряд оларды мұқият тыңдайды және олардың өтініштері бойынша құзыреті шегінде шаралар қабылдайды. Сондай-ақ олар патрульдік полицейлердің құзыретінен тыс қойылған мәселені шешу үшін қайда жүгіну керектігін түсіндіруі керек.

«Азаматтар өтініш білдірген барлық жағдайда ПБН сақ, әдепті, сыпайы болуы тиіс, тек «сіз» деп сөйлеуге, өз талаптары мен ескертулерін ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермей, сенімді және түсінікті түрде баяндауы тиіс. Егер азамат әкімшілік іс жүргізуді және басқа да заңды шектеулерді қамтамасыз ететін қызметкердің іс-әрекетіне қызбалықпен жауап берсе, оған тынышталуға уақыт беру және оның заңсыз іс-әрекеттері бойынша түсініктеме беру мүмкіндігін беру, содан кейін тиісті заңдар немесе өзге нормативтік құқықтық актілерге жүгіне отырып, оның тәртібінің дұрыс еместігін түсіндіреді», — делінген нұсқаулықта.

Осыдан кейін ғана полицейлер әкімшілік материал жасайды (хаттама патрульдік автомобильден тыс немесе ауа-райына байланысты патрульдік автомобильдің салонында, полиция органдарының үй-жайында жасалады), оқиғаларды бейнетіркеуішке міндетті түрде тіркей отырып, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізудің өзге де функциялары жүзеге асырылады.

Жаңа нұсқаулық 2023 жылдың 4 наурызынан бастап күшіне енеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago