Қоғам

Заң күшіне енді: Полиция самокатшыларды бақылай ала ма?

30 тамыздан бастап, жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салына бастайды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Президент 29 маусым күні «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған еді. Аталған заң күшіне енді.

Осы заң арқылы «Жол қозғалысы туралы» заңға түзетулер енгізілді, олар көлік құралдарының жаңа түрлерінің – «Электр скутері» мен «Шағын электр көлік құралдарының» мәртебесін анықтады. Шағын электр көлігіне гироскутерлер, сигвейлер, монокөліктер, электр скейтбордтар және басқа түрлері жатады.

Ал, электрлік скутер – екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышын пайдалану арқылы бір адамның қозғалуына арналған, орындығы жоқ, максималды конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электрлі көлік құралы.

Қолданыстағы заңнамада осы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Осылайша, құқықбұзушылықтар анықталса, олар ӘҚБтК 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тартылады.

Сонымен бірге, самокаттарды жалға беретін кикшерингтік компаниялар жалпы «жосықсыз клиенттер тізімін» құруды ұсынып отыр. Жол қозғалысы ережелерін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзатын, скутерді дұрыс емес жерде қалдыратын пайдаланушыларға барлық компания бір мезгілде қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін.

Бұл заңмен ешнәрсе өзгермейді. Жол ережесін бұзатын көліктерді бақылай алмайтын полиция енді самокаттардың соңынан жүгіреді дегенге сену қиын.

Оны қадағалау үшін «Сергек» қояды ма? Әлде радарлар сатып алады ма? Қайдам, оны сатып алу мүмкін емес.

Негізі қоғамды алаңдататыны бұлар емес, мопедте у-шу шығарып жүретін жүргізушілер ғой. Оларға қой дейтін қожа жоқ. Күндіз де, түнде де білген жерінде жүріп, халықтың мазасын алатындарға бүгінге дейін шара қабылданбады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago