Categories: Саясат

Польшаға құлаған зымыран. Қазірге дейін не белгілі

Бір күн бұрын Польшаның шығысындағы Украина шекарасына жақын жердегі Пржеводов ауылында зымыран құлап, екі адам қаза тапты. Түнде Польша билігі зымыран ресейлік деп мәлімдеді. Алайда, Associated Press агенттігі америкалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, зымыранды украин әскері ресейлік әскерді атып түсіру үшін атқан деп жазады. АҚШ президенті Джо Байден де құлаған зымыранның Ресейден атылуы екіталай екенін айтты.

КСРО зымыраны

Құлаған зымыранның ресейлік екені туралы бірінші болып Польша СІМ мәлімдеді. «Сағат 15:40-та Пржеводув ауылында […] ресейлік зымыран құлады (түпнұсқада — produkcji rosyjskiej), нәтижесінде Польша Республикасының екі азаматы қаза тапты. Осыған байланысты Сыртқы істер министрі Збигнев Рау Ресей Федерациясының елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырып, дереу егжей-тегжейін түсіндіруді талап етті», — делінген ведомство мәлімдемесінде.

Польша президенті Анджей Дуда да осы мәлімдемеге жүгінді.

«Бұл, ресейлік зымыран болуы мүмкін, бірақ тергеу әлі де жалғасуда»,

деді ол журналистерге.

Сонымен бірге, Дуда бұл зымыранды кім ұшырғаны туралы нақты дәлелдер жоқ екенін атап өтті, сонымен қатар бұл бірлі-жарым жағдай деп үміттенді.

Тергеуші журналист Эрик Сталлердің айтуынша, Польша билігі КСРО кезінде шығарылған зымырандарды да ресейлік зымыран деуі мүмкін екенін айтты.

Ukraine weapons tracker жобасы зымыранның әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуреттерін талдай отырып, бұл КСРО-да жасалған С-300 жүйесінің 5В55 сериялы зымыран қозғалтқышының бөліктері деп санайды.

Украиналық әуе қорғанысы туралы нұсқа

Сәрсенбі күні таңертең Associated Press агенттігі аты аталмаған үш америкалық шенеунікке сілтеме жасай отырып, Польшада құлаған зымыранды украиналық әуе қорғанысы атқан деп хабарлады.

Агенттіктің сұхбаттасушыларының айтуынша, украин әскерилері оны ресейлік зымырандардың жаппай шабуылы кезінде атқан болуы мүмкін.

Зымыранның Ресейден атылғаны туралы нұсқаны АҚШ президенті Джо Байден де жоққа шығарды.

«Траектория тұрғысынан оның Ресейден атылуы екіталай, бірақ көреміз»,

деді ол саммит кездесуінің соңында.

НАТО әскери күштері Альянстың аты аталмаған әскери қызметкеріне сілтеме жасай отырып, Польшада жарылған зымыранды бақылай алды деп хабарлайды Си-эн-эн телекомпаниясы. Оның айтуынша, Польшаның әуе кеңістігінде миссияны орындап жатқаг НАТО-ның барлау ұшағы зымыранның ұшуын тіркеген.

Зымыранды кім ұшырғанын Си-эн-эн сұхбаттасушысы нақтыламады, тек жиналған барлау, соның ішінде радарда қалған зымыран ізі НАТО елдері мен Польшаға берілгенін атап өтті.

Зымыран Польшада 15 қарашада түстен кейін 15:40 шамасында (Астанада 20:40) Ресей әскери күштері Киевке және Украинаның басқа қалаларына, соның ішінде батысқа оқ жаудырған кезде құлады. Ол астық қоймасына түсіп, екі бейбіт тұрғынды өлтірді.

Оқиға болған Пржеводов ауылы Украинамен шекарадан бес шақырым жерде орналасқан.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі сол күні Украина-поляк шекарасына жақын нысандарға ешқандай соққы жасалмағанын және жарияланған қалдықтардың фотосуреттері Ресейдің құралдарына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Ресей Қорғаныс министрлігі Польшада ресейлік зымыран құлауы мүмкін деген мәлімдемелерді «жағдайды ушықтыру мақсатында қасақана арандату» деп атады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago