Categories: Оқиға

Порно түсіріп жүрген ірі қылмыстық топ әшкереленді

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен құрамына Қазақстанның және жақын шет елдердің азаматтары кірген трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Модельдік агенттіктің атын жамылып, топ порнографиялық материалдар дайындаумен және таратумен айналысқан. Қылмыстық топтың мүшелері ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желі арқылы 2 млн теңгеге дейін ай сайынғы төлемді уәде етіп, 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздарды тартқан. Қыздар аталған қызметтен бас тартқан жағдайда қылмыскерлер оларға психологиялық қысым көрсетіп, айыппұл салған. Топтың ішінде нақты рөлдері белгіленген ұйымдастырушылар, басшылар, азғырып көндірушілер, әкімшілер, IT мамандар мен бухгалтерлер болған.

Анықталғандай, қылмыстық топтың қаражат айналымы соңғы бес жылда 3 млрд теңгеден асады. Полиция қызметкерлері Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қыздардың интимді видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтер анықтады. Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен астам компьютерлік жабдық, шамамен бір килограмм есірткі құралы және 69 мыңнан астам АҚШ доллары тәркіленді.

Полицияға барлығы 118 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың 13 негізгі ұйымдастырушысы, оның ішінде үш шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ІІМ тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қылмыстық топтың негізгі мүшелеріне мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады,

деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago