Categories: Экономика

Премьер Ұлттық экономика министріне ескерту жасады

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын кешенді жаңғырту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын енгізу арқылы республика бойынша электр, жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозуын орта есеппен 20%-ға төмендету жоспарланып отырғанын айтты.

Бұл азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және апаттық жағдайлар санын азайтуға мүмкіндік береді. Ол үшін 145 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөндеу қажет,

дейді Ұлттық экономика министрі.

Сол себепті биыл өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескеріп, ТКШ қызметтері тарифтерін кезең-кезеңмен өзгерту көзделіп отыр. Нәтижесінде осы жылдың өзінде 5 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөндеу және ТКШ саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру жоспарланған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың коммуналдық қызметтерге шығындарын азайту үшін оларды мемлекет тарапынан көрсетілетін тұрғын үй көмегі аясында ішінара өтеу көзделген.

Өткен жылдың соңында өтемақы мөлшері мен оны алуға үміткерлердің қатарын ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізілді. 2023 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 17 мың отбасыға 372 млн теңгеден астам тұрғын үй көмегі көрсетілді,

деді Марат Қарабаев.

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға тоқталды.

Ол үшін біз заңнамалық түзетулерді, нормативтік құқықтық актілерді қабылдадық. Бұған дейін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен тарифтерін түзете алмай келген едік. Енді оған мүмкіндік туып отыр,

деді премьер-министр.

Оған қоса үкімет басшысы коммуналдық кәсіпорындар тарифті түзету және жаңғырту процесін бастау үшін қажетті құжаттаманы баяу дайындап жатқанын атап өтті.

Бұл процесті созбалаңға салуға болмайды. Желілер мен станцияларды күрделі жөндеу жұмыстарын жедел бастау маңызды. Бұл – кезек күттірмейтін міндет. Әсіресе, бұл – құрылыс маусымы қысқа және жылу беру кезеңі ерте басталатын солтүстік өңірлер үшін өзекті мәселе,

деді ол.

 Үкімет басшысы қалыптасқан жағдайды Ұлттық экономика министрлігі тарапынан кеткен олқылық деп атады.

Осыған байланысты Әлихан Смайылов ведомство басшысы Әлібек Қуантыровқа ескерту жасап, үйлестіру жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілгені үшін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевқа сөгіс жариялады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago