Сурет: primeminister.kz
Президент Алтай Көлгіновті қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы жарлығымен Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды,
делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Көлгінов бұл қызметке 2022 жылдың желтоқсанында тағайындалды. Оның алдында 2019 жылдан 13 маусымынан бастап 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі қызметін атқарған.
КӨЛГІНОВ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ
Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.
Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
2000 жылы Қазақстанның Қарулы күштерінде қызмет еткен.
2001-2008 жылдары Әділет министрлігі мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарды.
2010-2012 жылдары Қазақстан Президенті әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі, содан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…