Саясат

Президент Ауыл шаруашылығы министрін тағайындады

Президент Ауыл шаруашылығы министрін тағайындады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,

делінген Ақорда хабарламасында.

Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға – 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

  • 08.1984-10.1984 – кеңшар бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы;
  • 09.1992-10.1995 – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры;
  • 10.1995-09.2003 – директор, «Ноғайбай» ЖШС-ның бас директоры;
  • 09.2003-02.2005 – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары;
  • 02.2005-03.2006 – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары;
  • 03.2006-09.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық басқармасының басшысы;
  • 03.2006-11.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы;
  • 11.2006-03.2008 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі;
  • 03.2008-04.2010 – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі;
  • 04.2010-09.2011 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары;
  • 09.2011-03.2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;
  • 03.2019-11.2022 – Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары;
  • 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago