Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Ресейден кеткен компаниялардың қоныс аударуы жөнінде айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Қазақстанға Ресейден 50-ден аса халықаралық компания көшті. Оның бәрін ірі қалаларда шоғырландыру тиімсіз. Әкімдік Алматы маңында ҮАААЖ периметрі бойынша мұндай өндірістерді орналастыруды пысықтауы керек, бұл өңірдің дамуына айтарлықтай септігін тигізеді. Үкіметпен және компаниялармен осы мәселені талқылаңыздар
— деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен бірге президент шетел инвесторларына барлыұ жағдайды жасауымыз қажет екенін айтты.
Біз инвесторларға жаңа өндіріс орындарын ашуға, оның ішінде басқа елдерден қоныс аударатындарға да барлық жағдайды жасауымыз керек. Шетелдік әріптестермен кедергісіз және үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін бұл мәселені қазірден бастап пысықтау қажет.
Облыста бірқатар ірі экспорттаушы кәсіпорындар жұмыс істейді, олардан негізгі салық түсімдері түседі. Біз оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы өндірісін кеңейтуге көмектесуіміз керек. Ұлттық экономика және қаржы министрліктері бір ай ішінде ұсыныстарын енгізуі керек.
— деді президент.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…