Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министр өзі жетекшілік ететін барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Дәурен Абаев азаматтардың жекелеген санаттарының кірісін арттыру шаралары туралы айтты. Атап айтқанда, биыл мәдениет, өнер және спорт мекемелері қызметкерлерінің жалақысы өскен. Министрлік мемлекет басшысының оы саладағы тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты жалғастырады.
Мәдениет және спорт министрі кітап шығару саласындағы жағдай туралы баяндады.
Қазір негізгі күш баспа өнімдерінің, соның ішінде балалар әдебиетінің бәсекеге қабілетін арттыруға және жазушыларды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, президентке мұрағат қоймаларын жаңғырту мен цифрландыру жайы айтылды,
делінген хабарламада.
Қазақстандық спортшылардың халықаралық ірі жарыстарға, 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де жеке қарастырылды.
Мемлекет басшысы министрлікке бұқаралық және балалар спортын дамыту, ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау жөнінде бірқатар міндет жүктеді,
делінген хабарламада.
Сонымен қата,р Қасым-Жомарт Тоқаев туристік инфрақұрылымды дамыту мен шетел инвесторларын тарту және бірлескен туристік жобаларды іске қосу үшін қажет жағдай жасаудың маңызды екенін айтты
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…