Президент: «Ұлттық қор қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады»

Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында бюджет саясатына реформа жасалатынын айтты.

Мемлекет басшысы көрпеге қарай көсілу қажет екенін ұмытпауды ескертті. Ақырғы нәтижені дөп басуы керек екенін айтты.

Енді бюджет кодексінде шекті нормативтер бекітіледі. Оны бюджетті жоспарлау және орындау кезінде міндетті түрде ұстану қажет екені айтылды.

Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл — өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бюджет процестерін барынша жеңілдету қажет екенін айтты. Мемлекеттік органдарға игерілмеген қаражатты келер жылға қалдыруға мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылатыны айтылды.

Сонымен бірге, бюджетке қатысты қауіптерді басқару жүйесін іске қосу керек. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс. Біз салық түсімін өңірлердің өзіне бере бастадық. Бұл жұмысты жалғастыру қажет,

деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, халық қатысатын бюджет жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек екені айтылды.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10%-і қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс. Осы айтылған мәселелерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа бюджет кодексін қабылдау қажет,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago