Президент министрлерді жазалады

Елдегі қантқа қатысты жағдайға және сайғаққа қатысты проблемаға орай Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерге сөгіс беріп, үкіметке қант өнеркәсібін дамытудың жеке салалық жобасын жедел әзірлеуді тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев прмеьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа және ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс берді. Себеп — қантқа қатысты қызу тақырып.

Біз сырттан келетін қантқа 90% тәуелдіміз. Мұнда ЕАЭО аясындағы шешімді желеу етуге болады, бірақ не дегенмен бұл жағдай — үкіметтің жаңылыс есебі. Демек мемлекет позициясын қорғамады. Сондықтан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын,

деді мемлекет басшысы.

Президент үкіметке қант өнеркәсібін дамытудың жеке салалық жобасын жедел әзірлеуді тапсырды. Мақсаты — импортқа тәуелділікті айтарлықтай қысқарту, біртіндеп өзін-өзі қамтамасыз етуге көшу.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев те жазаланды. Себебі үкімет бірнеше жылдан бері ашық геологиялық ақпараты бар минералды ресуртстардың цифрлық банкін жасаймыз деп уәде беріп келеді. Қаржы бөлінген, бірақ осы маңызды мәселе әлі шешілген жоқ.

Әркім әртүрлі сылтау айтып сөзді көбейтіп кетті. Жақсы болды деген күннің өзінде кәсібилік жоқ деген сөз, ал ең жаманы — әдейі жасалған зымияндық. Бұл екеуі де орындаушыларды ауыр зардаптарға жеткізетінін ескертемін. Бұл ең әуелі профиль министріне тікелей қатысты және басқа министрлерге де қатысты бар.

Министрге сөгіс жариялаймын. Біріншіден, осы айтқандарым үшін сөгіс берілеледі. Екіншіден, сайғақ популяциясының ары қарайғы өмірі айналасында түсініксіз әуре-сарсаң туғызғаны үшін және пікір-талас шығарғаны үшін. Мұны қоғамның талқылауына соншалық деңгейде шығарудың не қажеті бар еді?  

деді Тоқаев.

Астанада президенттің төраға болуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін, мемлекет басшысы қантқа қатысты жағдайдың масқара екенін айтқан еді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago