Президент өрт сөндірушілерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өрт сөндірушіні «Ерлігі үшін» медалімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери және қызметтік борышын атқару кезіндегі жанқиярлығы және төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысқан 20 адам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №1020 жарлығы арқылы Әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы және төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін мына азаматтар «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады:

1. Ахметқалиев Сұлтан Сәкенұлы
 – Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

2. Әбуқалық Азат Рысқалиұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;

3. Әкім Алдияр Ермекұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;

4. Бағытжанов Нұрсұлтан Жұмашұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

5. Базаров Ержан Оралханұлы – ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі;

6. Байбөгенов Аслан Тәуекелұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

7. Бауэр Алексей Александрович – волонтер;

8. Боромбаев Айдос Сағынайұлы – ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №21 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі;

9. Ержанов Айбек Ахметбекұлы – ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі;

10. Жапаров Самат Таласпайұлы – ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

11. Жолдасов Нұрсұлтан Өмірсерікұлы – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;

12. Қайыров Қуанышбек Жұмабайұлы – Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінің сержанты;

13. Махамбетов Алмат Арыстанбекұлы – ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі;

14. Мусин Абай Боранбайұлы – Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының старшинасы;

15. Рахин Ербол Қайырбайұлы – волонтер;

16. Төлеухан Әнуар Жанатұлы – ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

17. Флейтлинг Александр Аликович – Қорғаныс министрлігінің 31775 әскери бөлімінің материалдық-техникалық ротасының трактор жүргізушісі;

18. Хасенов Мұрат Қалиханұлы – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ өрт сөндіру пойызының бастығы;

19. Шайсұлтанов Медет Еркінұлы – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

20. Щурихин Максим Сергеевич – ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі наградталды.

Оған қоса, президент 48 азаматқа алғыс жариялады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago