Categories: Саясат

Президент сайлауы мерзімінен бұрын өте ме?

Қазақстан билігінің саяси дәсүріне айналып кеткен қулығының бірі – сайлауды мерзімінен бұрын өткізіп жіберу, дейді әлеуметтанушы Тимур Айсауытов. Оның ойынша, бұл жолы да жаңа президенттік сайлау бекітілген мерзімінен бұрын өткізілуі мүмкін. Бұған елеулі себеп бар.

Дәл қазір Тоқаевтың біршама жоғары рейтингі бар. Түбегейлі саяси реформаны жария еткен соң ол халықтың азды-кем сенім кредитін алды. Заң бойынша, 2024 жылға дейін кезекті президент сайлауы өтуі тиіс. Екі жылдан астам уақыт бар әлі. Оған дейін жағдайдың қалай өзгеретінін ешкім білмейді. Әсіресе геосаяси жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз. Ел ішінде де ахуалдың тұрақсыз екенін қаралы қаңтар көрсетті.

Иә, баяу болса да саяси реформалар басталды. Бірақ экономика саласында тұрақты өсім жоқ, дамудың орнына тоқырау мен тұралау байқалып тұр. Сол себепті саяси билікке қазіргі сенім кредитінің қалған-құтқаны түгел таусылмай тұрғанда кезекті рет мерзімінен бұрын сайлау жариялап жібергені тиімді болатыны да рас. Бұл биліктің қолға алған бағытын жалғастыруына қосымша уақыт береді. Әйтпесе экономикалық қиындықтар халықтың сенімін тез арада тауысып, Тоқаевтың рейтингі тез түсіп кетуі мүмкін. Сондай тәуекел бар. Саяси сахнада жеңіске қол жеткізе алған Тоқаевтың экономикада әзірге жеңісі байқалмайды. Байқалатын түрі де жоқ.

Біріншіден, қазір жаһандық инфляция сияқты сыртқы жайсыздықтар алқымнан алып тұр. Екіншіден, үкімет экономикалық реформалар жүргізе алмай отыр, бұл үкімет өзіне жүктелген жұмысты атқаруға қауқарсыз екен. Егер халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара қоймаса, ал келесі сайлау өз мерзімінде өтетін болса, оған дейін халықтың шыдамы да, сенімі де таусылатыны анық. Күзде мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді деген сыбыстар жүр, бірақ оның еш мәні жоқ. Биліктің мақсаты депутаттарды ауыстыру емес, президент үшін қосымша уақыт ұта тұру. Сондықтан, егер бір сайлау мерзімінен бұрын өтсе, ол парламенттік сайлау емес, президент сайлауы болуы тиіс. Сосын президент сайлауы туралы күзде жариялаған күннің өзінде, сайлаудың өзі тағы жарты жылдан кейін өтуі мүмкін. Бірақ елде жағдай күрделі, әр жерде әлеуметтік толқыныстар бұрқ ете қалуы қатері бар. Қазіргі үкіметтің түк бітірмейтін түрін ескерсек, сол жарты жылдың ішінде-ақ халық жаппай көше шыға салуы мүмкін.

Ал енді үкіметті таратуды шешсе, онда шынымен күзде тарата салғандары жөн. Сайлауды күтпей-ақ, бірден ауыстырсын. Одан кейін мерзімінен бұрын президент сайлауы өтсе де, жаңа сайланған министрлер кабинетін қалдыра беруге не кедергі? Бұрын да солай болған, сайлау өте салысымен үкімет бас салып жаңара қоймайтын, негізінен сол баяғы адамдар қала беретін.

Тоқетері, егер қазіргі үкімет алдағы уақытта бір елеулі жетістіктерін көрсете алмаса, күзде оны таратып жіберуі мүмкін, президент сайлауына қарамай. Өйткені үкімет өз жұмысын атқара алмай отыр,

дейді сарапшы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago