Президент сайлауымен кім айналысады?

Тәжірибелі идеолог Ержан Бабақұмаров осы жауапкершілікке лайықты екен. Ақорданың артындағы аулаларда осындай шешім қабылданды деп хабарлады, DALA INSIDE дереккөзі.

Осы себеппен Ержан Бабақұмаров Орталық коммуникациялар қызметі басшысы лауазымынан босатылған. Ол еш жерде ресми отырмағандықтан сайлаумен емін-еркін айналыса алады және фрилансер-политтехнолог ретінде оған шектеу болмайды. Ерлан Қарин олай еркін қимылдай алмас еді, сондықтан ол және басқа да кеңесшілер Бабақұмаровты жөн деп тауып отыр.

Бастысы Бабақұмаров нәтиже көрсету керек. 2019 жылғы сайлаумен де Бабақұмаров айналысқан болатын. Сол кезде «Қосанов» факторын есепке алмасақ, әрине ол нәтиже көрсете білді. Бабақұмаров сайлауды сәтті өткізсе, Ақпарат және қоғамдық келісім министрі креслосына отыру мүмкіндігі де талқылануда. Қазіргі жаңа министр транзитті, уақытша фигура болмақ.

Қазақстан соңғы 15 жылда идеологтар дефицитін бастан кешіп келеді. Тажин кеткеннен кейін бұл салада Қарин мен Бабақұмаров қана қалды. Бәрін қамтуға олардың қуаты жетпей жатыр. Айдос Сарым толыққанды идеологқа айнала алмады. Ресей мен Украина политтехнологтарын шақыру пайдадан көрі, керісінше зиянын тигізетінін уақыт дәлелдеді. Өздері Марат Тажиннің мектебінен өткен Қарин де, Бабақұмаров та шәкірт тәрбиелеген жоқ. Бұл стратегиялық қателік еді. Ертең олар пенсияға кеткенде идеологияға кім жауап беретіні мүлде түсініксіз.

Бабақұмаров КазГУ түлегі. Ішкі саясаттағы жұмысын Алматы әкімдігінен бастады. Одан кейін Президент әкімшілігінде иснпектор болды. Артынан мансабы өсіп Ақпарат вице-министрі, Премьер кеңсесі басшысының орынбасары, Алматы әкімінің орынбасары қызметінде жүрді. Соңғы жұмыс орны — кезінде өзі Бағлан Майлыбаевпен бірге құрған Орталық коммуникациялар қызметі болды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago