Фото: Әскери-әуе күштері баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қоңыров Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрболат Еркебайұлы Топаевты Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатты. Ол бұл қызметті 2019 жылғы қыркүйектен бастап атқарған еді.
Оның орнына жаңа қолбасшыны қойды.
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды,
делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Руслан Қоңыров 1970 жылғы 27 наурызда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федеровка ауылында өмірге келген.
Ол — 1-сыныпты ұшқыш, әскери-көліктік авиация ұшқышы, Як-18, Ан-26, Ан-72 және С-295 ұшақ түрлерін меңгерген. Жалпы ұшқан уақыты — 3500 сағат.
2016 жылы С-295 әскери-көліктік ұшақ экипажы құрамында Қазақстан Республикасының азаматтарын РФ Санкт-Петербург қаласынан Астанаға тасымалдау бойынша гуманитарлық көмек беруге қатысқан.
Бұған дейін Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінде штаб бастығы қызметінде істеді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…