Президентке лайықты бәсекелес ұсыныла ма, жоқ па? — Әлеуметтік желіге шолу

Өткен аптада қазақ аудиториясы әлеуметтік желілерде қандай тақырыптарды талқылады?

Қазанның басынан бері елді шулатып жүрген Төреғали Төреәлі өткен аптада өзі соққыға жыққан гид жігітпен татуласты. Бұзақылығы үшін темір торға түсіп, елді шулатқан соң екі жақ келісімге келген. Бітімге қалай келгені туралы мәлімет жоқ болғандықтан, ел-жұрт түрлі болжам жасап жатты. Бірі гид жігіт Бекарыс Қожбановты ақшаға сатылды деп айыптады. Себебі бұған дейін Бекарыс телеарнаға берген сұхбатында «Төреғалиді кешірмеймін» деген. Басқалары мәселенің осылай аяқталарын білгендерін жеткізді. Не болса да, даулы оқиғаның дәл осылай аяқталғанына қуанғандар көп болды: «Қазақ әлемінде қазақтар бір-бірін ренжітпеуі керек, ренжітсе де кешірім сұрап татуласуы керек». Алайда, дәл осы оқиғада Төреғали Төреәлі кешірім сұрады ма, ол жағы белгісіз. Себебі, парақшасында жариялаған жазбада кешірім туралы әңгіме жоқ.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қазақстанның әнұранын бастапқы нұсқасына қайтару керек деген ұсыныс тастады. Оның сөзінше, әнұранның кейбір сөздеріне жолдан қосылған авторлар көп өзгеріс енгізіп жіберген. Бұған жұртшылық наразылықпен жауап берді. «Мардымды іспен айналысыңдаршы, депутаттар» деп кеңес берді оқырмандар.

Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы президенттік сайлауға қатысуға Қарақат Әбденнің кандидатурасын ұсынуын қоғам сынмен қабылдады. Көпшілік бұл әйел туралы бірінші рет естіп тұрғандарын жеткізді. Әрі президенттікке лайықты адамдар неге ұсынылмайды деп ашынды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago