Фото: Ulysmedia.kz
Президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергеновтен қысым көрген Мөлдір Қабылова Facebook әлеуметтік желісінде Тоқаевтан көмек сұрап, видео үндеу жариялады.
Қабылованың айтуынша, ол 2022 жылдың қаңтарында ажырасуға шешім қабылдаған. Ал наурызда Олжас Құдайбергенов кәмелетке толмаған балаларын анасынан айырып, Ұлыбританиядан алып кетпек болған.
Британ полициясы әкені әуежайда ұстап, балаларды анасына қайтарған. Ұлыбританияның әлеуметтік қызметі Мөлдірді балаларымен бірге баспанасыздарға арналған үйге орналастырған. Қабылова ұзақ уақыт бойы ешқайда шағымданбаған көрінеді.
Бірақ 2022 жылдың наурызынан бастап қазірге дейін күйеуі, Президенттің бұрынғы көмекшісі Олжас Құдайбергеновтен қысым көріп келген.
Олжас жалға алынған үйдің ақшасын төлеуден бас тартты. Төрт баламмен далада қалдым. Әкем оның әрекетіне ашуланып, одан әкелік міндеттерін орындауды, оқу жылына дейін жалға алынған пәтердің ақысын төлеп беруді талап етті. Бірақ ол әкемнің үстінен “бопсалады” деген айыппен арыз жазған,
дейді Мөлдір Қабылова.
Әйелдің айтуынша, оның әкесі бірден қамауға алынған. Қарт кісі полиция бөлімінде есінен танып құлап, бас сүйегін, жамбас сүйегін және аяқтарының сүйектерін сындырып алған, содан кейін 4 ай бойы төсектен тұра алмаған.
Мөлдір халықаралық бағдарламалар орталығы арқылы 2023 жылдың ақпан айынан бастап алып отырған «Болашақ» стипендиясының Олжас Құдайбергеновтың тоқтатып тастағанын, тіпті «Болашақ» бағдарламасына кепілге қойған пәтерін тартып алып, сатып жібергенін айтады.
2023 жылдың қазан айында Құдайбергеновтың арызы бойынша полиция «бопсалады» деген айыппен әйелдің әкесін тағы екі айға қамауға алған.
Ал “НеМолчиKZ” қоры Құдайбергеновтың әйеліне қойған талабын жариялады. Олжас Құдайбергенов әйеліне үйге келетін әрбір адамды тек өзінің рұқсатымен шақыруын, қонаққа бармауын, «өмір бойы белгілі бір адамдармен» араласпауын, әрі қайын атасы айтқан сөздері мен әрекеті үшін өзінен кешірім сұрауын талап еткен.
«НеМолчиKZ» қоры осы мәселені шешу үшін Президентке шағымданып, көмек сұрауға мәжбүр болған.
Еске сала кетейік, Олжас Құдайбергенов – ұлттық экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің төрағасы қызметін атқарады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…