Categories: Саясат

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден бірінші кезекте Хэллоуинмен күреспекші

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден өзінің Facebook парақшасында видео жариялап, қазақстандық жастарды Хэллоуин мерекесін тойламауға шақырды.

Айтуынша, біз өз дәстүрлі мерекелерімізді көбірек насихаттап, Хэллоуин сияқты мерекелерге мемлекеттік деңгейде тыйым салуымыз керек.

Кешеден бері Сеулде болған оқиғаны оқып, көріп жатқан шығарсыздар. 150-ден астам адам қайтыс болды, оның ішінде біздің қазақтың қаршадай қызы бар екен. Ата-анасы бекем болсын,

деп бастады сөзін кандидат.

Одан кейін ол ұлттық құндылықтарға, салт-дәстүрімізге қарсы болатын мерекелерге қарсы тұруымыз керегін айтты. Тіпті мемлекеттік деңгейде, заң жүзінде тыйым салу керек.

Айтуынша, біздің қазақ елімізге жастарымыздың миын улайтын мерекелер керек емес. Оның орнына балаларымызға қазақтың рухани қазынасын сіңіруді бастауымыз керек.

Ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр ұлықталған елдің жастары еліктегіш болмайды. Біз осы жағын күшейтуіміз керек. Дәстүрлі мейрамдарымызды насихаттайық! Қазақтың рухани қазынасын балалардың бойына сіңіруді осы кезден бастайық, достар.

Халқымызға жат, жастардың санасын улайтын дүниелерден алшақ болайық!

деп жазды Қарақат Әбден.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago