Прокуратураның құқық қорғау қызметін күшейтетін заң қабылданды

Ол Конституциялық заң болып есептеледі.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенатта «Прокуратура туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Заң жобасы ҚР Конституциясының 83-бабын іске асыру және Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын орындау мақсатында әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаты прокуратураның құқық қорғау қызметін жүйелі күшейту, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын нығайтады.

Әсет Шындалиев атағандай, Бас прокуратура өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шетелдік және халықаралық соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіре алады.

Заң жобасында прокуратура органдары ведомствосының, құқық қорғау органдары академиясының, әскери және көлік прокуратурасы органдарының қызметіне қатысты олардың негізгі функциялары көрсетілген жекелеген ережелер бар. Заң жобасында прокуратураның шешімдеріне, актілеріне және прокуратура органдарының лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдарды сотқа дейінгі реттеу тәртібі регламенттелген, оларды қараудың мерзімдері және қорытындылары бойынша қабылданатын шаралар айқындалған,

деді ол.

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар дауыс беру арқылы аталған заң жобасын мақұлдады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago