Categories: Оқиға

Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 13 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов пен оның орынбасары Дамир Сиразидимовқа, сондай-ақ кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты сот отырысы жалғасуда.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде соттан Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ҚР ҚК 366, 189 және 392-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұраймын. Алакөл ауданындағы екі қабатты саяжай мен моншаны тәркілеп, Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің біріндегі сауна мен демалыс бөлмесінің жертөлесін жөндеу үшін пара ретінде алған 16 миллион теңгені қайтаруын және мемлекеттік қызметте, соттарда және қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды өтінемін,

деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының прокуроры Азамат Ғарифолла.

Сондай-ақ Прокурор сотталушыдан мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыруды және «Айбын» екінші дәрежелі орденімен бірге полиция генерал-майоры атағын қайтаруды сұрады. Сотталушының өзі кінәні мойындамады және «ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовпен туыстық байланыстары бар болған соң ғана айыпталып отырмын» деп санайды.

Айта кетейік, сотталушы Нұрлан Мәсімов мемлекет қаражатын 423 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago