Махаббат жасқа қарамайды. Оны шоу-бизнес жұлдыздары да дәлелдеп жүр. Көпшіліктің ойынша, жұпта ер адам әйелден үлкен болуы керек. Алайда қазір жұпта әйелдің еркектен үлкен болуы да жиі кездеседі. Неліктен кейбір ер адамдарға өзінен үлкен әйелдер ұнайды? Massaget.kz тілшісі отбасылық психолог Аяулым Өмірғалиқызының пікірін алды.
Барлық жағдайда емес, бірақ көбіне ер адамды өзінен үлкен әйелдің мынадай қасиеттері баурап алады:
Психолог Аяулым Өмірғалиқызының айтуынша, көпшілік қыздар «әйел болуды» білмейді.
«Психологиялық тұрғыда қарайтын болсақ, нәзік жандыларда «қыз», «әйел» және «апа» процесі болады. Ал көп әйелдер «қыз» процесінен бірден «апа» процесіне өтіп кетеді. Олар «әйел болуды» білмейді, оны үйренбеген», — дейді психолог.
Маман қыздардың «әйел бола алмауына» көптеген факторлар әсер ететінін айтты.
Қандай да бір қызға «әйел болу» қиын болуы мүмкін. Мысалы, анасы қиналған немесе таяқ жеген, әкесі анасын тастап кеткен немесе көзіне шөп салған, осының бәрін қыз көрген болса, ондай қыз әйел болғысы келмейді. Ол бірден апа жағдайына өтіп кетеді. Мұндай типтегі әйелдің қасындағы еркек те дамымайды. Мысалы, ол ақша таппайды және т.б,
деді ол.
Психолог Аяулым Өмірғалиқызы әр әйелге өз-өзімен жұмыс істеуге және өзін жақсы көруге кеңес берді.
Ер адамды әйелдің энергиясы тартады. Әрине, барлығы емес, бірақ жасы үлкен болса да, кей әйелдер «әйел болуды» біледі және өздерінің әйелдігін жақсы көреді. Сондықтан да оларға еркектер тартылады,
деп қорытындылады психолог.
Осыған дейін ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы отбасылық өмірге қалай әсер етуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…