Саясат

Путин Дағыстанда болған тәртіпсіздікке Батыс елдері мен Украинаны кінәлады

Ресей президенті Владимир Путин 29 қазанда Махачкала әуежайындағы тәртіпсіздіктерге батыстық барлау агенттіктері қатысқанын айтты.

Путиннің Дағыстандағы жағдайда шетелдіктерді кінәлады.

Махачкаладағы оқиғалар Украинаның, батыстық барлау агенттігінің ұйымдастыруымен жасалды. Палестинаға көмектесеміз деп дағыстандықтарға шабуылдауға бола ма?! Палестинаға көмектесу үшін оған кінәлілермен күресу керек,

деді Путин.

Ресей Федерациясының президенті Таяу Шығыстағы қақтығысты ұйымдастырушылар өзара жеккөрушілік ояту үшін осындай әдістер қолданады деп мәлімдеді.

Қазір Газа секторында болып жатқан қорқынышты оқиғаның кесірінен жүздеген мың жазықсыз адам көз жұмуда. Олардың тығылатын, жасырынатын жері жоқ. Қанға боялған алаң, мерт  болған балаларға, әйелдердің қалай зардап шегетініне, қарттардың қиналғанына, дәрігерлердің қалай өлетініне қарасаңыз, әрине, көзіңізге еріксіз жас келеді,

деді Ресей басшысы.

Ол әлемдік тұрақсыздықты АҚШ ұйымдастырып отырғанын айтты.

Айта кетейік, 29 қазанда кешке Махачкала әуежайына Тель-Авивтен келген рейсті жергілікті тұрғындар басып алып, еврейлердің кетуін талап етті. Тұрғындар тәртіпсіздік орнатып, әуежай мүлкін сындырған. Ресей ІІМ-нің соңғы мәліметтері бойынша 83 адам ұсталды. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago